«Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Рәміздерім-мақтанышым»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінде таңғы жаттығулар жасалынып, «Рәміздерім-мақтанышым» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шарада оқушыларға рәміздерге байланысты сұрақтар қойылып, отан туралы мақал-мәтелдердің жалғасы тауып айтылды. Топтарға оқушылар рәміздерге байланысты суреттер салып, кіші топтар суреттер бояп күндерін қызықты өткізді. Бұл күннен оқушылар ерекше әсер алып қайтты.