15
апрель
2025
«Тағамдарды жылдам әзірлеу технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 15.04.2025 жылы көркем еңбек пән мұғалімі Айдарова Азиза 6 «Ә» сыныбымен «Тағамдарды жылдам әзірлеу технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы, ұйымдастырылуы жақсы. Оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілеп, сабақты жақсы қызығушылықпен, ынтамен бастады. Алғашында сурет қиындылары арқылы оқушыларды екі топқа бөлді. Өткенді қайталау «Wordwoll» әдісі бойынша сұрақтар қойды, оқушылар сұрақтарға мүдірмей жауап берді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбы анықталды.Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетіп, жаңа сабақты түсіндірді. «Wordwoll» әдісі бойынша жаңа сабақтың сұрақ жауап арқылы кері байланыс алынды.Оқушылар берілген тапсырманы жақсы деңгейде орындап шықты.Мұғалім тарапынан бағалау болды. Сабақ соңында «Кім жылдам» әдісі арқылы тамақ әзірледі.Жұмыс үстелдерін тазалап, құрал-жабдықтарын орындарымен жинастырды. Мұғалім оқу мақсатын негізге ала отырып, сабақ мақсатын дұрыс құрған. Сабақ мақсатында мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ мақсатына жетті.
https://www.instagram.com/reel/DIeGHBtMMLu/?igsh=MWxsa2djaWhra2w3dQ==
https://www.instagram.com/reel/DIeGHBtMMLu/?igsh=MWxsa2djaWhra2w3dQ==