«Болашақтағы мамандықтар» тақырыбында ТЕДХ форматында іс-шара өткізілді.
2025 жылдың 10 ақпанында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 8-9 сынып оқушыларымен «Болашақтағы мамандықтар» тақырыбында ТЕДХ форматында іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – Оқушыларды болашақтағы мамандықтармен таныстыра отырып, заманауи дағдыларды анықтап, сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық ойлауды дамыту.
Бүгін өткілген «Болашақтағы мамандықтар» тақырыбында ТЕДХ форматында іс-шарада оқушылар болашақтағы мамандықтар туралы ой бөлісіп, креативті идеялармен танысты. Уақыт алға жылжыған сайын кейбір мамандықтар жойылып, олардың орнына жаңалары пайда болатыны анық. Бұл өзгерістерге бейімделу үшін бізге үздіксіз білім алу қажет. Қазіргі заман — технология мен жасанды интеллекттің заманы. Болашақта табысты болу үшін тек білім емес, сонымен қатар креативті ойлау, икемділік және командамен жұмыс істеу қабілеті қажет. Бүгінгі TEDx-style форматындағы сөйлеулер сендердің сөйлеу мәдениеттеріңді арттырып, сыни және шығармашылық ойлау дағдыларыңды дамытты. Әрбір топ өз идеясын әсерлі жеткізіп, болашақ мамандықтардың маңыздылығын нақты көрсете білді. Бұл сіздердің белсенділігіңіз бен қызығушылықтарыңыздың жоғары екенін дәлелдейді. Ең бастысы — болашақты қорықпай қарсы алу. Өзгерістерден қашпай, оларды қабылдауға дайын болуымыз керек. Үйренуден жалықпау — табыстың басты кілті. Көптеген болашақ мамандықтар әлі пайда болған жоқ, бірақ соған дайын болу — бүгіннен басталады. Сандық сауаттылық, шығармашылық және эмоционалды интеллект – болашақта қажет негізгі дағдылар. Жаңа мүмкіндіктерге ашық болу – сендердің ең үлкен артықшылықтарың. Өздеріңе сеніп, мақсаттарыңа нық қадам басыңдар. Болашақ мамандық сенің қазіргі таңдауыңнан басталады.
Орындаған: Ф.Балабеков