«Сәлемдесу мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ кітапханасында «Сәлемдесу мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі- сәлемдесу. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға әр елдің сәлемдесу түрлері слайд арқылы көрсетілді. Оқушылар белсене қатысып, өз пікірлерін жеткізе білді. Дайындағандар: мектеп кітапханашылары