Ақпарат » Страница 87 » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын"атты айлық іс—шарасы салтанаты түрде жабылуы өткізілді.
02
декабрь
2022
"Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын"атты айлық іс—шарасы
   Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ  2022 жылдың  29 қараша күні  Көркем эстетика әдістемелік бірлестігінің  "Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын"атты айлық іс—шарасы салтанаты түрде жабылуы өткізілді. Жабылуы Абаш Айбибінің «Биле биле» әнімен басталса, «Бір ел болса» әнін 5 сынып  жігіттері орындаса, Айтбек Нұрқанаттың «Туған жер» әнімен жалғасын тапты. Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, көркем эстетика бірлестігінің айлығына белсене қатысқан оқушылар марапатталды.  Мақсаты : Көркем
«Биші болғым келеді» би байқауы өткізілді.
02
декабрь
2022
«Биші болғым келеді» би байқауы өткізілді.
     29 қараша күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ  Би үйірмесінің жетекшісі Ж. Омиралиева,«Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастырумен 5-9 сынып оқушыларының  арасында «Биші болғым келеді» би байқауы өткізілді. Байқау ережес: 1 халық биін (топта 5-6 оқушыдан кем болмау).  Нәтижесінде Бас жүлдені 9 «б» сынып оқушылары иеленсе, І орынмен 5 «д» сыныбы, ІІ орынмен 9 «в», 5 «ә» сыныптары,  ІІІ орынға 6 «в», 7«ә»,  8 «б» сынып оқушылары марапатталып, қалған үміткерлер алғыс хатпен мадақталды.
Шерхан Мұртаза атамыздың 90 жылдығына арналған Дебат турнирінде жүлделі 2 орын иеленді.
02
декабрь
2022
Шерхан Мұртаза атамыздың 90 жылдығына арналған Дебат турнирінде
    Аудан мектептері арасында өткізілген Шерхан Мұртаза атамыздың 90 жылдығына арналған Дебат турнирінде жүлделі 2 орын иеленген Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ  оқушылары Алпысбаева Сабрина мен Темірболат Нұрлы марапатталды. Оқушылар облысқа жолдама алды. Жетекшісі Ниязкулова Аида Нұрланқызы.  
Аудандық «Ізденіс, жаңалық, нәтиже» атты дөңгелек үстелі өтті.
02
декабрь
2022
Аудандық «Ізденіс, жаңалық, нәтиже» атты дөңгелек үстелі өтті.
     Жамбыл облысы Меркі ауданы №39 Темірбек Қожакеев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалім мен шәкірт интеллектісін көтеру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын  дамыту, атқарылып жатқан озық іс- тәжірибелерімен бөлісу   мақсатында аудандық «Ізденіс,жаңалық,нәтиже» атты дөңгелек үстелі өтті. Мұнда бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жай-күйі, педагогикалық қызметінің үздік үлгілері —авторлық бағдарламалар,
"Сабақ үдерісіндегі қысқа мерзімді   сабақтың тиімді жоспарлауы" тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
02
декабрь
2022
"Сабақ үдерісіндегі қысқа мерзімді сабақтың тиімді жоспарлауы"
    Темірбек Қожакеев атындағы 39 ЖОББМГ-да 30 қараша күні "Сабақ үдерісіндегі қысқа мерзімді   сабақтың тиімді жоспарлауы" тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байболатов Әлібек Бекниязұлы №130  бұйрықтың өзгертілуін басшылыққа ала отырып, №382  бұйрықтың  орындалуын тілге тиек етті. Оқу бағдарламасындағы өзгерістерді енгізуін, бұйрықтағы қысқа мерзімді жоспардың жүзеге асырылуын, бүгінгі  таңдағы кезектен түспейтін мәселе болып тұрғанын 
"Дұрыс және пайдалы тамақтаныңыздар!" тақырыбында дәріс өткізілді.
30
ноябрь
2022
"Дұрыс және пайдалы тамақтаныңыздар!" тақырыбында дәріс өткізілді.
     2022 жылдың қараша айының 30-ы күні 5-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың қараша айының 30 - ы күні 5-11 сынып оқушылары арасында "Дұрыс және пайдалы тамақтаныңыздар!" тақырыбында дәріс өткізіп,  тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетті. Мақсаты: Оқушылардың денсаулығының  жан - жақты дамуының кепілдігі бұл тиімді тамақтану. Білім алушылар пайдалы және зиянды тағамдардың түрін ажыратып, дұрыс тамақтанудың ережелерін  айтты. Дастархан басында сақталатын ырым-тыйым сөздерімен бөлісті.
"Халық сүйген, халқының қалпын сүйген-Қонаев" атты оқушылар арасындағы облыстық пікірсайысқа қатысты.
29
ноябрь
2022
"Халық сүйген, халқының қалпын сүйген-Қонаев" атты оқушылар
    Жамбыл облыстық білім басқармасының қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" ЖҚБ ұйымдастыруымен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай "Халық сүйген, халқының қалпын сүйген-Қонаев" атты оқушылар арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінде жүлделі 3 орын иеленгені үшін Темірбек Қожакеев атындағы ЖОББМГ оқушылары Алпысбаева Сабрина, Темірболат Нұрлы, Ахметова Аяна, Бакиров Нұрислам марапатталды. Жетекшісі
Кеңес одағының батыры, жазушы  Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл толғанына орай кездесу ұйымдастырылды.
29
ноябрь
2022
Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл
    Темірбек Қожакеев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында Кеңес одағының батыры, жазушы  Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл толғанына орай Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ардагері - Аубакиров Ұлан Наметқазыұлы және Меркі қорғаныс істер бөлімінің бастығы - Пшаев Асан Есенғалиұлымен  кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға атсалысқан 8"Ә" және 10-шы сынып оқушылары, сонымен қатар мектеп ұжымы алғыс
"Мамандығым өмірімнің айнасы" тақырыбында 11 сынып оқушылары эссе жазды.
28
ноябрь
2022
"Мамандығым өмірімнің айнасы" тақырыбында 11 сынып оқушылары эссе
     2022 жылдың 28 қараша күні кәсіптік бағдар беруші педагог Батырбекова Г.А. және қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мамандығым өмірімнің айнасы" тақырыбында 11 сынып оқушылары эссе жазды. Мақсаты: оқушыларға мамандық туралы бағыт-бағдар беру. Кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті.
«Самға Қазақстаным!» республикалық өнер байқауы
28
ноябрь
2022
«Самға Қазақстаным!» республикалық өнер байқауы
27 қараша күні «Балдырған» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Самға Қазақстаным!» республикалық өнер байқауына Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ   4 «ә» сынып оқушысы Айтбек Нұрқанат бас жүлде иеленді. Жетекшісі: Берманова Құралай Баянқызы