Дұрыс тамақтануды насихаттау » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2025

Дұрыс тамақтануды насихаттау

Дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында ақпан айының 18-і күні 8-сынып оқушыларымен "Үстелдегі көкөністер - үйдегі денсаулық" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - көкөністердің адам денсаулығына пайдасын талқылау, дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Дөңгелеу үстел барысында тамақтану мамандары, медицина қызметкерлері және оқушылар көкөністердің құрамы, олардың иммунитетке, ас қорытуға және жүрек-қан тамыр жүйесіне тигізетін оң әсері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ көкөністерді күнделікті ас мәзіріне енгізудің жолдары, оларды сақтау және дұрыс дайындау әдістері талқыланды. Қатысушылар пайдалы кеңестермен бөлісіп, көкөністерді тұтынудың маңыздылығы туралы ортақ тұжырым жасады. Іс-шара соңында модератор қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, көкөністерді күнделікті тұтыну - денсаулық кепілі екенін атап өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив