1 маусым "Соңғы қоңырау"
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 1-маусым Балаларды қорғау күні "Балалар-Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Мектебімізде күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, ұстаздар түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Ата-аналар ұстаздарға