
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖББМГ 1-4 сынып «Жас Қырандарының» арасында «Аяз Атаға хат» байқауы өткізілді. Бала күні барлығымыз Аяз Атаның барына сенім білдіріп, оған хат жазып, Жаңа Жыл кешінде армандарымыздың орындалуын тағатсыздана күтетін едік. Бүгінде оқушыларымыздың Аяз Атаға хат жазып, армандарымен бөліседі деген ойдамыз. Сол себептен де Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында «Аяз Атаға хат» байқауын өткіздік. Байқауда ерекше көзге түскен хаттар Нұрсұлтан Сезім 2 «ә», Асқар Нұрқанат 2 «а», Алпысбай Даурен 2«ә», Бедилхан Алишер 2«а», 2 «а» Ержанбақыт Індудің жұмыстары ауданға іріктелініп алынды.Сәттілік тілейміз!