«Адал болу – арлы болу» тақырыбы сынып сағаты өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 3 қараша күні бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Адал болу – арлы болу». Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, өз ісіне, сөзіне адал болудың маңыздылығын ұғындыру, қоғамда парасатты тұлға ретінде қалыптасуға бағыттау. Сабақ барысында оқушылар адалдық туралы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді талқылап, өмірлік