03
ноябрь
2025
«Адал болу – арлы болу» тақырыбы сынып сағаты өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 3 қараша күні бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Адал болу – арлы болу».
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, өз ісіне, сөзіне адал болудың маңыздылығын ұғындыру, қоғамда парасатты тұлға ретінде қалыптасуға бағыттау.
Сабақ барысында оқушылар адалдық туралы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді талқылап, өмірлік мысалдар келтірді. Сонымен қатар, «Адалдық – адамдықтың айнасы» атты бейнеролик көрсетіліп, топтық пікірталас ұйымдастырылды.Іс-шара соңында оқушылар адалдықтың – ардың, намыстың, адамдықтың басты көрсеткіші екенін айтып, өз ойларын ортаға салды.