16
октябрь
2025
«Алтын күз» іс-шарасы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Алтын күз» іс-шарасы аясында 7-сыныптар арасында «Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы» атты байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және табиғаттың әсем мезгілі – күздің сұлулығын өнер арқылы паш ету.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің тапқырлығын, өнерін, сәндік талғамдарын және сахна мәдениетін көрсетті. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.