15
октябрь
2025
«Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» атты жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың түрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, еңбекқорлық пен адал еңбектің құндылығын дәріптеу, сонымен қатар бірлік пен өзара көмектің маңыздылығын насихаттау.
Жәрмеңке барысында оқушылар мен ата-аналар өз қолдарымен дайындаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Бұйымдар көрмеге қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылды. Іс-шара оқушылардың ұйымшылдығын, жауапкершілігін арттырып, еңбексүйгіштікке баулу бағытында мағыналы тәрбие берді.