02
октябрь
2025
«Ұстаздарға мың алғыс!» құттықтауын ұйымдастырды
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері «Ұстаздарға мың алғыс!» құттықтауын ұйымдастырды. Ұйым белсенділері ұстаздарды ашық хаттармен және көңілді әуенмен құттықтап қарсы алды. Сондай-ақ «Ұстазыңды құттықта» атты тілек бұрышында оқушылар өздерінің ұнатқан ұстазына тілектерін білдірді.



