Мектептегі әдістемелік жұмысының жүйесі
Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс –тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру –нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмысының негізгі міндеті болып табылады. Әдістемелік жұмыс –мектептегі оқу –тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.