Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Астана қаласында өткізілген «Үздік эссе 2022» республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары
13
октябрь
2022
Астана қаласында өткізілген «Үздік эссе 2022» республикалық байқауына
Білім өркениеті" ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырумен президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат"атты мақаласын насихаттау мақсатында Астана қаласында өткізілген «үздік эссе 2022» республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары: Жаңабай Айгерім, Мырзақасым Нұрали, Төкен Айлин, Бесікбай Амина, Ракан Каусар l және II дәрежелі дипломдармен, жетекшілері Ниетбаева Феруза, Тажибекова Раиза, Дауырбаева Балжан,
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі III орынға ие болды.
13
октябрь
2022
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі III орынға ие
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясының 11 сынып оқушы Аман Анэль дарынды оқушылар арасында  ұйымдастырылған жаратылыстану - математика циклы (математика,химия,биология,физика) пәндері  бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі III орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!
“Маралтай оқулары” байқауында жеңімпаз атанды
05
октябрь
2022
“Маралтай оқулары” байқауында жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы талантты тұлғаның шығармашылығын халық игілігіне айналуына жол ашу, жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында облыстық “Маралтай оқулары” байқауының аудандық кезеңінде Темірбек Қожакеев атындағы 39 ЖОББМГ-ның 9-шы сынып оқушысы Есеналы Мейірім мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын
ІХ «Ақберен» облыстық өнер байқауының «Эссе жазу» номинациясы бойыншаІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
01
октябрь
2022
ІХ «Ақберен» облыстық өнер байқауының «Эссе жазу» номинациясы
2022 жылдың 30 қыркүйегінде 8-11 сынып оқушылары арасындағы ІХ «Ақберен» облыстық өнер байқауының «Эссе жазу» номинациясы бойынша Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖООБМГ 9-сынып оқушысы Ахметбек Айдана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Әбдікерім Жәния Болатбекқызы. 
ІХ «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Эссе жазу» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
21
сентябрь
2022
ІХ «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Эссе жазу»
2022 жылдың 21 қыркүйегінде 8-11 сынып оқушылары арасындағы ІХ «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Эссе жазу» номинациясы бойынша Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖООБМГ 9-сынып оқушысы Ахметбек Айдана І дәрежелі дипломмен, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Есеналы Мейірім ІІ дәрежелі дипломмен, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Сейсембек Ұлан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Әбдікерім Жәния Болатбекқызы.
«Бастау» метематика пәнінен  Республикалық   турнирінің облыстық  кезеңінде жеңімпах атанды.
27
май
2022
«Бастау» метематика пәнінен Республикалық турнирінің облыстық
      2-4 сынып   оқушылары  арасындағы  «Бастау»   Республикалық  математикалық  турнирінің облыстық  кезеңіне  Темірбек   Қожекеев  атындағы №39 жалпы  орта  білім  беретін  мектеп-гимназиясының   оқушылары   қатысып,   нәтижесінде  Акимжан  Айару  ІІ орын,  Аман Ермухаммед, Седов  Ярослав,  Қанат Інжумаржан ІІІ орын  иегері  атанды,  жетекшілері  Бөртебаева  Гүлнұр Төлебайқызы,  Кучер  Анастасия  Сергеевна.
Мың бала" Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары
17
май
2022
Мың бала" Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары
"Мың бала" ұлттық олимпиадасына облыс бойынша 14 022 оқушы қатысты. Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 5-6 сынып оқушылары арасынан 13 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз атанды. Олар: Қанат Диас, Жандосқызы Анел, Қанат Олжас, Абдухалик Нұрай, Серік Алия, Амангелді Аруна. Жеңімпаздар Қазақстанның кез келген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алады. Жүзден жүйрік жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!
Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып жеңімпаз атанды.
11
май
2022
Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып жеңімпаз атанды.
    Облыстық   Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау жəне тарату мақсатында ұйымдастырылған   "Ер есімі -ел есінде " атты Алаштың айбыны-  Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып, мəнерлеп оқудан топты жарып      Темірбек Қожакеев атындағы N39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9  сынып оқушысы Ахметова Аяна ІІІ орын иеленді.    Рухани құндылығың  дамып, кітап оқуға деген қызығушылығың артып, шығармашылықтың шыңына жете бер  демекпіз.
Республикалық пәндер олимпиадасының II (аудандық) кезеңінде жеңімпаз атанды!
04
май
2022
Республикалық пәндер олимпиадасының II (аудандық) кезеңінде жеңімпаз
     Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 7-8 сынып оқушыларының жаратылыстану математикалық бағыттағы республикалық пәндер олимпиадасының II (аудандық) кезеңінде жеңімпаз аталған білім алушыларды мектеп директоры А.А.Калкабаева  марапаттады. Биология пәнінен 2-орын иеленген  Есеналы Мейірім.  Химия пәнінен 3-орынды иеленгендер Жеңісбек Аделя,  Даулетияр Ардақ. Физика пәнінен 2-орынды Білімжан Анеля мен Қырғызбек Нұрасыл иеленді. Математика пәнінен
"Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны" атты Республикалық қашықтық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы атанды.
20
апрель
2022
"Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны" атты Республикалық
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясының оқушысы Жарылқасын Аяна 12 сәуір 2022 жылы  өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Оқушылардың ғылыми жұмыстарының марафоны" атты Республикалық қашықтық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы атанып ІІІ  дәрежелі дипломмен марапаттады.